Сапасыз интернет, жарықтың жиі өшуі: Шарбақты кәсіпкерлерінің мұңы
Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов Шарбақты ауданының бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Атамекен» ӨКП Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, аудандық филиалдың директоры Қайырбек Құлымбенов кәсіпкерлікті қолдау бойынша жергілікті ауылдардағы жұмысқа тоқталды.
«Гвишиани» ЖК басшысы Мака Әлімбаеваның айтуынша, Шарбақты ауданында интернет сапасының нашар болуына байланысты кассалық машиналар нашар жұмыс істейді.
– Сондай-ақ қаржы қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде «Халық банкінің» пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары, – деп атап өтті Мака Әлімбаева.
«Никром» ШҚ басшысы Валерий Сорокин өсірілген күнбағысты сатуға мемлекеттік баж салығын алып тастауды сұрады. Шаруалар оны сатпас бұрын өздері өсірген күнбағыс үшін мемлекетке баж төлеуге мәжбүр. Ал бұл өнімнің қымбаттығына әкеледі.
«Заря» ШҚ басшысы Сергей Белявский аграршылар 2022 жылы салынған инвестициялар үшін әлі күнге дейін мемлекеттен субсидия алмағанын, «Виргис» ЖШС бухгалтері Шарбақты аудан орталығында электр энергиясын жазбаша хабарламасыз жиі өшіретініне шағымданды.
Қайырбек Құлымбенов Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Шарбақты филиалы бизнес көтерген мәселелерін алдағы күндері шешетінін жеткізді.