Павлодарға Әуезов атындағы театр гастрольдік сапармен келді

Павлодарға Әуезов атындағы театр гастрольдік сапармен келді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар әйілі қойылымдарды көрерменннің назарына ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка - драма театрына Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 10-14 мамыр аралығында гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетеді. Олар төрт күн ішінде баршаға танымал шығармаларды сахналайтын болады:

10 мамыр – Абайдың Қара сөздері желісімен жазылған «Қара» драмасы;

11 мамыр – Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы;

12 мамыр – Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - кебек» трагедиясына,

13 мамыр күні – Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем» комедиясына;

14 мамыр күні – Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасы қойылады.