«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Күркетауық өсіру – пайдалы кәсіп. Дала жұмыстары басталды

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Күркетауық өсіру – пайдалы кәсіп. Дала жұмыстары басталды

@Pavlodarnews.kz «Saryarqa samaly» газетінің 28 наурыз, сейсенбілік нөмірінде жарық көретін материалдарға аңдатпа ұсынады. 

Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан тауық етіне ғана емес, күркетауық етінен жасалған өнімдерге де сұраныс артып келеді. Құстың бұл түрін өсірудің машақаты көп болғанымен, тиімді әрі пайдалы кәсіп болып саналады. Елімізде осы саладағы өндірісті дөңгелетіп отырған екі фабрика бар. 

Бүгінгі таңда Павлодар облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар техникалардың 98 пайызы сақадай сай. Дала жұмыстарын жүргізуге 24 мың тоннаға жуық жанармай да бөлінген. Болжам бойынша, облыста алғашқы дәнді дақылдарды себу 5 мамырда басталмақ.

Эпидемиолог мамандар елде қызылша ауруының асқынып бара жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіруде. Жұқпалы індет біздің облыста да тіркелді. Одан қалай қорғану қажет? Оның салдары неге әкеп соғуы мүмкін? Бұл туралы сейсенбілік нөмірден біле аласыздар. 

Сондай-ақ, ертеңгі нөмірде «Ауыл-аймақ» және балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ainalayin» айқармасы жол тартады.