Сенбі күні Павлодар облысында күн бұлтты болады

Сенбі күні Павлодар облысында күн бұлтты болады
Фото: Константин Шелков

Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 17-22 градус ыстық болады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 27 мамыр күні облыста солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м /с құрайды. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 18-20 градус ыстық болады.

Республиканың көп бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен болады, жаңбыр, найзағай күтіледі, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болжанады, тек республиканың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, республиканың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл сақталады.