Сенбіде павлодарлықтар ауыл өнімдерін арзан бағамен ала алады
Жәрмеңкеге аудандардың тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Павлодар қаласында 18 қаңтарда Торговая көшесі, 2А құрылысы Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Жәрмеңкеге Успен, Ертіс, Тереңкөл, Аққулы аудандары және басқа ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Фермерлер базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.