Павлодар облысында шахмат федерациясының филиалы ашылды

Павлодар облысында шахмат федерациясының филиалы ашылды
Фото: Павлодар облыстық спорт басқармасы

Кабинет ойынға арналған он төрт үстелмен жабдықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Салтанатты жағдайда Қазақстандық шахмат федерациясының Павлодар облысы бойынша филиалы кеңсесінің ашылуы өтті. Шараға облыстық спорт басқармасының басшысы Азамат Имашев және Павлодар облыстық шахмат федерациясының президенті Артур Шпейзер қатысты. 

Сондай-ақ ардагерлерге арналған кабинет ашылды, мұнда ардагерлер жиналып, шахмат ойнай алады. 

Бұл күні 50 жастан асқан жас санатындағы ардагерлер арасында шахматтан облыстық турнир өтті. Кеңсе Smart- бизнес орталығында орналасқан.