Шарбақтыда балабақшаның бірнеше қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді

Шарбақтыда балабақшаның бірнеше қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың тәрбиеленушілері уланып қалған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Балалардың жаппай улануы туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Шарбақты ауданының «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының үш тәрбиеленушісі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Төрт бала бақылауда үйде болды.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Досжанованың айтуынша, осы мектепке дейінгі мекеменің балаларында «басқа және анықталмаған гастроэнтерит және инфекциялық колит» алдын ала диагнозы расталмаған. Ақырғы диагноз ретінде «функционалды ас қорыту бұзылысы анықталмаған», сондай-ақ, «ротавирустық энтерит» диагноздары қойылды.

Санитарлық дәрігерлер балабақшадағы санитарлық нормалардың, соның ішінде тамақ өнімдерін сақтау шарттарының, кесу құралдарын таңбалаудың, дезинфекциялық режимнің бұзылуын анықтады. 

– Медициналық тексеруден уақтылы өтпеген қызметкерлер жұмыстан шеттетілді, – деді Замзагүл Досжанова.

Ведомство тексеруді аяқтау қорытындысы бойынша кінәлілер әкімшілік жазаға тартылатынын хабарлады.