Шарбақтыда жасөспірім орманшылықтағы құрғақ шөпті өртеп жіберді
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі айыппұл төледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусымда Шалдай орманшылығы №124 орамының орман алқабында құрғақ шөптің жану фактісі тіркелді. Өрт сөндіруге Шалдай орманшылығының үш техникасы мен 10 адам жұмылдырылған болатын. Өрттің ауданы 0,01 гектар аумақты құрады.
Шыққан оттың себебін анықтау барысында Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің, «Ертіс орманы» табиғи резерваты және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кінәлі кәмелетке толмаған тұлғаны анықтады.
ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі 36 920 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.