Мамыр айында Павлодар облысында +39 градусқа дейінгі ыстық болуы мүмкін
Айдың басында түнгі температура 0...+5°C шамасында болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, мамыр айындағы орташа ауа температурасы +14,8...+16,5°C болады деп күтілуде, бұл қалыпты нормадан 1–2 градусқа жоғары.
Айдың басында түнгі температура 0...+5°C шамасында болады, облыстың басым бөлігінде салқын болуы мүмкін. Күндіз +14...+19-дан +27...+32°C-қа дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңында өңірде температураның қайта төмендеуі күтіледі.
Екінші онкүндікте ауа температурасы құбылып тұрады. Түнде +4...+9-дан +13...+18°C-қа дейін, күндіз +18-ден +32°C-қа дейін, ал облыстың оңтүстігінде +39°C-қа дейін жетуі мүмкін.
Ай соңында термометр көрсеткіші түнде 0...+5°C-қа дейін төмендейді, топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал. Күндіз +10...+32°C аралығында болады.
Айдың соңғы онкүндігінде температура қайта көтеріледі: түнде +7...+12°C, күндіз +23...+28°C.
Жауын-шашын мөлшері ай бойы норма шамасында күтіледі (норма: 20–30 мм).
Жауын-шашынға келсек, жаңбыр айдың бірінші онкүндігінің соңында, сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктерде жиі жаууы мүмкін. Ай бойы желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жиі күтіледі.