Шарбақты ауданында жер учаскесі аукционға қойылады

Шарбақты ауданында жер учаскесі аукционға қойылады

Аукционда жерді 3 жылға дейінгі мерзімге жалға алуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі 22 қараша күні сағат 10:00-де www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру арқылы электрондық аукцион өткізеді.

Аукционда 3 жылға дейінгі мерзімге жалға алуға құқығы бар жер учаскесі ұсынылады. Жер учаскесінің нақты орналасқан жерін жоғарыда көрсетілген веб-порталда көре аласыз.

Қосымша ақпаратты 8(71836)2-16-51 анықтама телефонынан білуге болады.