Шарбақтыда қарасора алқабы анықталды

Шамамен 5000 түп қарасора плантациясы табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шарбақты ауданында құқық қорғау органдары есірткімен күрес аясында ірі заңсыз қарасора алқабын анықтады. «Ертіс орманы» табиғи резерваты аумағында жабайы түрде өскен, жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрайды.
– Бұл рейд ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді, – деді Шарбақты ауданының әкімдігінде.
Жуық арада қарасораны жою жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүргізілмек. Құзырлы органдар мұндай заңсыз өсімдіктердің таралуына жол бермеу үшін тұрақты бақылау жүргізіп келеді.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес – құқық қорғау құрылымдарының ғана емес, әр азаматтың борышы екенін еске саламыз.