Шыбын-шіркеймен күрес: Павлодар облысында қандай аумақтар өңделеді?
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы 12 шілдеде қансорғыштарға қарсы өңдеу жүргізілетін аумақтар тізімін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сағат 10:00-ден бастап Павлодар, Ақсу қалаларында және жағалау аумақтарында фенологиялық бақылау жоспарлануда.
Сағат 11:00-ден бастап Железин ауданының Береговое, Прииртышск, Үрлітүп, Железин, Моисеевка, Пятирыжск, Башмачное ауылдарында тосқауылды өңдеу.
Сағат 18:00-ден бастап Жоламан ауылы, Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылы, Май ауданының Көктөбе ауылындағы лагерь аумағы.
Сағат 19:45-тен бастап Ертіс ауданының Иса Байзақов ауылын тосқауылды өңдеу.
Сағат 20:00-ден бастап Павлодар ауданының Қаратоғай ауылы, Тереңкөл ауылы, Юбилейное ауылы, Тереңкөл ауданының Ерталы ауылы.
Сағат 21:00-ден бастап Павлодар қаласының аумағында теміржол көпірінен Усолка шағын ауданына дейінгі жағалау, шаңғы базасы, Усолка көпірі мен бөгет.