Шыдамай қалды: Павлодарда жеделсатының ішінде дәрет сындырған әйел жазаланды

Шыдамай қалды: Павлодарда жеделсатының ішінде дәрет сындырған әйел жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қонаққа баруға ниеттенген әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Чайковский көшесіндегі тұрғын үйдің пәтер иесінің бірінен өтініш келіп түскен. Ол жеделсатыда қажеттілігін өтеген әйелге қатысты шара қабылдауды сұраған.  

– Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 32 жастағы қала тұрғыны досына қонаққа келген. Әйелге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Ержан Тыналинов.

Материал сотта қаралды. Сот шешімімен жеделсатыда дәретін сындырған әйелге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.