Солнечный кентінде жасөспірім тиісті құжатсыз мопед жүргізген

Солнечный кентінде жасөспірім тиісті құжатсыз мопед жүргізген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Баланың заңды өкіліне айыппұл салынды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол қозғалысының қатысушылары велосипед, мопед, скутер жүргізу кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы ойламайды.  

– Солнечный кентінде 15 жасар кәмелетке толмаған YAQI маркалы мопедті тиісті құжаттарсыз жүргізген. Жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты міндеттері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік материал толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді,  –  деп хабарлады департаментте. 

Полиция департаменті аймақ тұрғындарынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.