Студенттер Баянауыл ұлттық саябақ аумағын қоқыстан тазартты

Студенттер Баянауыл ұлттық саябақ аумағын қоқыстан тазартты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қабылданған қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді. Бас Ассамблея қарарға сәйкес, БҰҰ жүйесіндегі барлық мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын бұл күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға бағытталған түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.

– Бұл күн (World Environment Day) БҰҰ-мен белгіленген және жыл сайын 5 маусым күні аталып өтеді. Барлық экологтар мен табиғатты қорғау ұйымдары үшін қоршаған орта проблемаларына әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару болып табылады, – дейді ұйымдастырушылар.

С.Торайғыров университетінің студенттері мен мұғалімдері ұлттық саябақ қызметкерлерінің нұсқауымен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағындағы Сабындыкөл маңайын қоқыстан тазартты. Жастар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосты. 40 шақты студент табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық танытты. 

Айта кетерлігі, «Таза Баян  - Таза жүрек» атты экологиялық акция барысында екі күн бойы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы «Жасыбай» демалыс аймағында сенбілік жүргізілді. Тазалық шарасына Павлодар облысының спорт және туризм мекемесі, Павлодар қаласының университеттері, Баянауыл жастары, Баянауыл ауданының мектептері үлес қосты. «Парктер шеруі-2025» акциясының қорытындысы шығарылып, жабылу салтанаты өткізілді. Барлығы 120 студент пен оқушы атсалысты.