Суық, дымқыл: Екібастұз тұрғыны мешіт асханасына назар аударуды сұрайды

Суық, дымқыл: Екібастұз тұрғыны мешіт асханасына назар аударуды сұрайды
Сурет: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде мешіт асханасының іші түсірілген видео таралды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Желі қолданушысы асханада жөндеу жұмыстары жүргізілмейтіні туралы жазған. 

– Бұл не деген сұмдық. Адамдар жерлеу рәсіміне әртүрлі қалалардан келеді. Суық әрі дымқыл жерде отырады. Неге ғимаратты жөндеуге қаражат бөлінбейді?! Біздің мешітке назар аударуды сұраймын. Бұл – қаладағы көптеген адамдар баратын жалғыз қасиетті орын, – деп жазған посттың авторы.

Екібастұз қаласының ішкі саясат бөлімінде ғимаратты салу кезінде құрылыс ерекшеліктері ескерілмегендіктен, асханасының қабырғалары жауын-шашынға байланысты мезгіл сайын дымқылданып тұратынын хабарлаған. Алдағы уақытта демеуші мекеме арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.