Төтеншеліктер демалыс күндері павлодарлықтарға жолда абай болуды ескертті

Төтеншеліктер демалыс күндері павлодарлықтарға жолда абай болуды ескертті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

7-8 қарашада жолдағы жағдай күрделенуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы және «ҚАЖсервис» ЖШС Павлодар облыстық филиалы сенбі, жексенбі күндері Павлодар облысының аумағында ауа райының қолайсыздығы күтілетінін хабарлайды. Атап айтқанда, жаңбыр, қар, көктайғақ болып, ауа температурасы төмендейді.

– Павлодар облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушы жолаушыларды сақтық шараларын сақтап, жолда аса мұқият болуға шақырамыз. Қыс мезгілінің басталуына байланысты автокөліктерді қысқы дөңгелектермен уақтылы жабдықтауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылуы немесе жолдар уақытша жабылуы мүмкін. Сапарға шықпас бұрын ауа райын, жолдағы жағдайды алдын ала біліп алуға кеңес береді.