Таэквондодан ел чемпионатында Павлодар облысы үштікке енді
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы чемпионат таэквондоның GTF түрі бойынша өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодардағы таэквондодан «Қаһарман» мектебі мәлім етті.
Шымкент қаласында өткен чемпионатта спортшылар жарыстың «хъёнги» және «массоги» бағыттары бойынша жекелей сынға түсті. Сондай-ақ чемпионат аясында Шымкент қаласының «GRAND PRIX SHYMKENT 2023» ашық турнирі өтті.
- Павлодар облысынан 17 спортшы күш сынады. Нәтижесінде қоржынға 7 алтын, 8 күміс, 8 қола медаль салды, - деді мектепте.
Екікүндік жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте Павлодар облысы үшінші орын үшін Кубокпен марапатталды.
Айта кетейік, аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 1300-ден астам спортшы қатысты.
Фото: @pavlodar_gtf_taekwondo