Тереңкөлде жаяу жүргіншіні қағып кетті
![Тереңкөлде жаяу жүргіншіні қағып кетті](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202401/image_750x_65a501bb2c812.jpg)
Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпанда Тереңкөл ауылында Мазда-626 автомашинасы оң жақтағы жүріс бөлігінің шетінде ілеспе бағытта келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция аталған жол апаты бойынша тергеу жүргізуде.