Терезеден секірген: Зорланған павлодарлық қызға жаңа ота жасайды
Әзірге ол өз бетімен жүре алмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарда былтырғы жылдың шілде айында 16 жастағы жетім қыз зорланды. Қорлыққа төзбеген жасөспірім 10 қабатты үйдің терезесінен секірген. Алған жарақаттарын ескере отырып, оған бірнеше ота жасалған. Айта кету керек, сотта қызды зорлаған және қылмыс туралы хабарламаған тұрғындарға қатысты үкім шықты. Сот отырысында жас қызға тағы бір ота жасату керек екені белігілі болды. Облыстық балалар ауруханасынан зардап шеккен қызды босатты. Қазірде ол Жастар үйінде тұрады.
– Мен сіңіліммен әрдайым байланыстамын. Оған жиі келіп тұрамын, – деді жас қыздың әпкесі Дарья Дмумушева. – Психологиялық, физикалық тұрғыдан жасайтын жұмыс әлі де өте көп. Оның жағдайы нашарлап кетпесе де, әлі де тұрақсыз. Күні бүгінге дейін қорқыныш сезімі кетпейді, жаман түстер көреді.
Жасөспірімнің әпкесі сіңілісін емдеген барлық дәрігерлерге алғыс айтудан жалықпайды.
– Менің сіңілім ветеринар болғысы келеді. Болашақта өзіне көмек қолын созған адамдар сияқты ол өзінің қайырымдылық қорын ашуды армандайды, – деді Дарья Дмумушева.
Еске сала кетейік, сотта 19 жастағы тұрғынды 16 жасар жетім қызды зорлағаны үшін 15 жыл және алты айға бас бостандығынан айырды. Сотталушыдан жәбірленушіге моральдік зиян келтіргені үшін 8 миллион теңге өтемақы алынатын болады. Ал қызға көмек көрсетпеген екі тұрғынды төрт жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енбеді.