Павлодарда қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысы талқыланады

Билік қала тұрғындарын аталмыш жоба бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жобада Павлодар қаласы, Орталық өнеркәсіп ауданы, 2239/1 учаскесі мекенжайы бойынша қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жаңа құрылысы қарастырылған. Зауыт саяжай аймағынан екі шақырым жерде орналасады.
Нысанда сұрыптау цехы, әкімшілік-шаруашылық ғимараты, салмағы 80 тоннаға дейінгі арнайы көліктерге арналған 18 метрлік таразы бар.
Зауыт 13 айда салынады деп қарастырылған. Құрылыстың басталуы 2025 жылдың қазан айына жоспарланған.
Мамандар құрылыс жұмыстарын есепке ала отырып, атмосфераға шығарылатын шығарындылардың жылдық көлемі 2025 жылы 18 мың тоннаны құрайтынын есептеді. Ал 2026 жылы – 10 мың тоннадан астам.
Билік зауыт құрылысына қатысты осы және басқа да мәселелерді қала тұрғындарымен талқылағысы келеді. Қоғамдық тыңдау 11 қыркүйекте Катаев көшесі, 44 мекенжайы бойынша Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында өтеді.