Топпен ұрған: Павлодарлық омбудсмен жасөспірімдерге қатысты үкім туралы айтты

Топпен ұрған: Павлодарлық омбудсмен жасөспірімдерге қатысты үкім туралы айтты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алты жылға сотталған жасөспірімдер минималды мерзім алған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың бала құқықтары жөніндегі уәкілі қатарлас баланы топтасып ұрғаны үшін сотталған екі жасөспірімге шығарылған үкім туралы түсініктеме берді.

– Қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап мен жәбірленуші тараппен және айыпталушылармен кездестім, –  дейді Наталья Покидова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. –  Іс толығымен зерттелді, соның ішінде жәбірленушілердің, айыпталушылардың айғақтары, сотта фото және бейнематериал ұсынылды.

Омбудсменнің айтуынша, сотта жасөспірімдердің мектеп оқушысын бірнеше сағат бойы аяусыз ұрғаны дәлелденді.

–Олар зардап шеккен адамның әрекет ете алмайтындығына да қарамады, – деп толықтырды спикер. – Сондықтан сот қылмыс ерекше қатыгездікпен жасалды деп шешті.

Балалар жазасын кәмелетке толмағандар колониясында өтеуі керек.

Баспасөз мәслихатында Наталья Покидова тағы бір қылмыстық іс –өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша тексерілгенін айтты. Жәбірленуші бұрын ұрып-соққан 14 жасар баланың сыныптасы болған. Полиция оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтады. Бірақ сотталғандардың кінәсі бұл істе дәлелденбеді.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда екі жасөспірімге өткен жылдың 24 шілдесінде кешке Торайғыров университетінің стадионында оқушыны жаппай ұрғаны үшін үкім шығарылған болатын. Іс материалдары бойынша, сотталғандар құрдастарын ұнатпаған, ал кешке оған соққы көрсеткен. Екеуі де алты жылға бас бостандығынан айырылды. Негізі оларға тағылған бап бойынша алты жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.