ТЖД мамандары павлодарлық балаларға өрт қауіпсіздігін үйретті
Бүлдіршіндер өрт сөндіру құралдарымен танысып, өздерін құтқарушы рөлінде сынап көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ТЖД қызметкерлері төтенше жағдайлардың алдын алуға және халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуде. Балалармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады, себебі дәл балалық шақта маңызды әдеттер мен өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау дағдылары қалыптасады.
Қаланың балабақшаларының бірінде Павлодар ТЖБ мамандары балаларға өрт кезіндегі іс-қимыл ережелерін ойын түрінде түсіндіріп, викториналар мен эстафеталар ұйымдастырды.

Мамандырдың айтуынша, бүлдіршіндер конкурстарға қызығушылықпен қатысып, өрт сөндіру жабдықтарымен танысып, құтқарушылар рөлінде өздерін сынап көрді. Мұндай сабақтар ерте жастан бастап балалардың қауіпсіздікке саналы көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.
Фотосуреттерді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынды