ТЖМ тікұшағы Ертіс ауданынан Павлодарға науқасты шұғыл жеткізді

ТЖМ тікұшағы Ертіс ауданынан Павлодарға науқасты шұғыл жеткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Денсаулық жағдайы ауырлаған әйелді тасымалдау үшін санитариялық рейс ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе кемесінің экипажы «Павлодар – Ертіс – Павлодар» бағыты бойынша ұшып шықты. Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж әйел адамды тасымалдау барысында санитариялық авиацияның дәрігерлер бригадасы науқастың жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

Қонғаннан кейін науқас одан әрі емдеу және қажетті медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығындағы маман дәрігерлердің қолына тапсырылды.