Түркияда құтқарушылар жоғалған қазақстандықтарды іздеп жатыр
ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Хатай қаласында жоғалған қазақстандықтарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің дипломаттар жоғалған қазақстандықтардың туыстарынан соңғы мекенжайын білген соң, дереу түрік билігіне жүгінді. Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия ІІМ басшылығымен келіссөздер жүргізіп, құтқарушылар тобын жіберді. Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйдің орны тексеріліп жатыр. Әзірге олар тек Сабина Мамедьярованы ған тапты. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттерді де табады деп үміттенеміз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьяровааман табылды.
Ең алдымен Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті. Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген еді.
Кейін Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Олардың екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Түркияда жер сілкінісі салдарынан 8 574 адам қаза тапты, зардап шеккендердің саны 49 133-тен асады.