Тұрғын үй, жұмыс: Павлодарлықтар қабылдауға қандай мәселелермен жүгінді?

Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әкімнің қабылдауына облыс орталығымен қатар, аудан ауылдарының да тұрғындары жүгінді. Олардың әрқайсысы өздерінің сауалдары мен ұсыныстарын жекелей айтуға мүмкіндік алды.
Жеке қабылдау барысында өзекті әлеуметтік және тұрмыстық тақырыптар - тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және салу, сондай-ақ жұмысқа орналастыру мәселелері көтерілді.
Әрбір өтініш берушімен жан-жақты диалог жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берілді. Асайын Байханов азаматтардың өтініштеріне жедел және нәтижелі ден қоюдың маңыздылығын атап өтті.
Бірқатар мәселелер бойынша әкім жергілікті жерлердегі жағдайды тереңірек зерттеу үшін көшпелі тексерулер ұйымдастыруды тапсырды. Ол ведомствоаралық кешенді тәсілді қажет ететін жүйелі мәселелерге ерекше назар аударуға шақырды.
Естеріңізге саламыз, облыс әкімінің жеке қабылдауына мемлекеттік қызметтердің бірыңғай eGov.kz порталы, E-otinish.kz платформасы, сондай-ақ әкімдіктің WhatsApp нөмірі бойынша +7 702 166 16 61 жазыла аласыздар.