Усолка Павлодардың бас педагогы тарапынан буллингке тексерілді
Мұндай іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қуаныш Қыдыралин бастаған қалалық білім беру бөлімінің өкілдері М. Әуезов атындағы мектепте көшпелі қабылдау өткізді. Буллинг, суицид, ерте жүктілік пен басқа да мәселелердің алдын-алу жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес өткізілген іс-шара екінші мәрте өткізілуде.
- Алғашқы қабылдауды Б. Момышұлы атындағы мектепте өткізген едік. Онда бала саны көп әрі мөлтек ауданның халқы тығыз орналасқан. Усолканы таңдаған себебіміз – осы жерден ата-аналар тарапынан мектептегі ауысымдар, тамақтандыру, балалардың үлгерімі мен абаттандыру бойынша көптеген сауалдар келіп түсті. Мұндай іс-шаралар оқу жылының соңына дейін ай сайын өткізіледі.
Педагог Елена Петрова жұмыспен қамту мәселесі бойынаш көмекке жүгінді.
- Мектепте мұғалім болып істегім келеді. Педагогтардың білімін тексеру қалай өткізілетінін сұрадым. Маған бәрін түсіндірді, сұрақтарыма толық жауап берді, - деді Елена Петрова.
Білім беру, мектепке қатысы жоқ та сауалдар қойғандар болды. Мысал үшін, Усолка мөлтек ауданының тұрғыны Жанель Матухина мектеп басшылығы мен білім беру бөлімінің өкілдеріне жолдың арғы бетінде, стадионның жанында жиналған қоқыс үйіндісі туралы хабарлады.
- Балаларымыз сонда ойнайды, ал жандарында ескі-құсқы заттар жатады. Әртүрлі органдарға барып көмек сұрадым – қоқыс жаздан бері қозғалмай жатыр. Білім беру бөлімі көмек беруге дайын, бірақ айтуларынша, ТҮКШ бөлімі олардың да сауалдарына құлақ аспайды, - дейді Жанель Матухина.
№126 балалар бақшасының өкілі, өз кезегінде, педагогтар мен бүтіндей мекеменің аттестациядан өту процедураларын сұрады. Сауалдарға мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Гүлбаршын Алтыбасарова жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, шаһарымызда аттестациядан өтпеген бірде-бір балабақша жоқ. Сынақтан өтпеген мекемелерге емтиханнан қайта өту мүмкіндігі беріледі.
Жоғарыда аталғандай, бұл екінші көшпелі қабылдау. Кезекті іс-шараның орны әлі белгісіз. Ол азаматтардың өтініштерінің санына байланысты.
Фото: автор