Успен ауданында егістік алқабының көлемі ұлғайды
Алқаптың жартысына астық дақылдары егіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов Успен ауданындағы егістік алқабын тексеріп қайтты. Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашев аудандағы егістіктің жағдайы жайлы баяндады.
- Аудан бойынша биылғы жылы егістік алқабы 249,6 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 гектарға жоғары. Астық дақылдарының егістік алқабы биылғы жылы 169,2 мың гектарды құрайды,- дейді аудан әкімі.
Әкімнің айтуынша, биыл астық дақылдарының көлемі азайтылуда. Алайда қарақұмықтың көлемі артуда. Биыл қарақұмықтың егістік алқабы 28 мың гектарға жеткізілді, алдағы уақытта 7,1 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.
Сонымен қатар, майлы дақылдардың да алқабы 45,6 мың гектарға жоспарлануда. Мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында 34,3 мың гектарға алқап дайындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1,4 пайызға жоғары болды.
Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын сәтті аяқтау мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 1 млрд 815 млн теңгеге несие қаржыландырылды. Оның ішінде «Ажболатовна» несие серіктестігі 1 млрд 150 миллион, «Қазагро» қаржы арқылы 603 млн теңгеге техникалар алынды. Жалпы техникалардың дайындығы да 100 пайыз, 871 бірлік тракторлар, 37 бірлік комплекстік кешен және 603 бірлік дән сепкіш дайын.