Успен ауданында кешенді жаттығу өтеді
Оқу-жаттығуға ауданның барлық қызметтері мен құрылымдары қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Успен аудандық жедел штабының мәлімдеуінше, шара Павлодар облысының басқару органдарының, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі күштерінің және тұрғындарының 2023 жылға арналған оқу-өткізу жоспарлары мен жаттығуларын өткізу" жоспарына сәйкес өтеді.
8-10 қараша аралығында аудан аумағында Успен ауданының азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының басқару органдары, күштері және құралдары, іс-қимылдар тақырыбы бойынша кешенді жаттығу өтеді.
"Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туындаған кезде Басқару органдарының, азаматтық қорғау күштерінің және халықтың іс-әрекеттері" атты кешенді оқу-жаттығудың мақсаты басқару органдарының, азаматтық қорғау штабтарының, құрылым командирлерінің, басшы құрамының дайындық деңгейін және қабілетін табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, сондай – ақ материалдық-техникалық ресурстар қорларының болуы мен жай-күйін жетілдіруді көздейді.
- Кешенді оқу-жаттығулар өткізу шеңберінде 8 қараша күні сағат 12.00-де электросиреналар мен дауыс зорайтқыштарды тарта отырып, аудан тұрғындарын құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізілді. Бұл төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы, - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар Успенка ауылының тұрғындарын өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.