Павлодар облысында демалыс күндері бірнеше адам жол апатында зардап шекті
Өткен демалыс күндері облыстық жедел жәрдем станциясында шұғылдықтың бірінші санаты берілген қоңыраулар саны артты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, өткен үш тәулікте жедел жәрдем 15-ке жуық жол-көлік оқиғасын пысықтады. Жұмадан сенбіге қараған түні Павлодардан жеті шақырым жерде Семей бағытындағы тас жолда машиналар соқтығысқан. Тиісті шақыру сағат 00:22-де түсті, оқиға орнына жету 10 минутты құрады. Өкінішке орай, апатқа қатысушылардың бірі – 71 жастағы ер адам сол жерде қайтыс болды. Тағы екеуі – 58 жастағы ер адам мен 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
27 шілдеде Павлодарда 103 желісі бойынша мотоциклден бірден екі құлау оқиғасы тіркелді. Бірінші жағдайда Назарбаев-Казправда көшелерінің қиылысында 34 жастағы ер адам, екінші жағдайда Павлодарское ауылында 36 жастағы ер адам зардап шекті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Жексенбі, 28 шілдеде Катаев – Циолковский көшелерінің қиылысында автокөлік жүргізушісі скутерді қағып кетті. Жедел жәрдем шақырылғаннан соң үш минуттан кейін апат орнына келді. Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген алты жасар бала зардап шекті.
Тағы бір апатта бірден екі жаяу жүргінші – 38 жастағы әйел мен жеті жасар қыз жарақат алды. Олар Естай көшесінің еңіс ауданындағы жағалауда велосипедтің астына түсті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Облыстық жедел жәрдем станциясында жол қозғалысының барлық қатысушыларын жылдамдық тәртібін сақтауға, жолда ғана емес, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен өткелдерінде де қырағы болуға шақырады. Сонымен қатар, ата-аналар мен қамқоршылардан балаларды ықтимал қауіпті жерлерде – жол, су айдыны немесе жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілетін жерлерде жалғыз қалдырмауды сұрайды.