Успен ауданында медицина қызметкерлеріне баспана беріледі
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы әлеужеліде мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ануар Бұйрашев жұмыс сапарымен Павлодар, Успен және Шарбақты аудандарындағы бірқатар медициналық нысандарды аралап шықты.
Павлодар ауданында биыл 2 нысанда күрделі жөндеу жүргізілуде: Толыбай ауылының медициналық пунктінде, онда жұмыстар 67%-ға орындалды және Богдановка ауылының медициналық пункті. Бұл нысанда жұмыстар маусым айының басында басталып, ағымдағы жылдың тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.
Успен ауданының Белоусовка ауылында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Бұл нысанда ескертулер бар, мердігер ағымдағы айдың соңына дейін ұсақ ақауларды түзетуге міндеттенеді.
– Ағымдағы жылы ауданда 24 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда, оның құрылысы аяқталғаннан кейін ауылға келген жас мамандарға, оның ішінде медицина қызметкерлеріне баспана беріледі. Бұл кадрларды тартуға тамаша көмек және өңірдегі тар ауқымды мамандар тапшылығын жоюға көмектеседі, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ануар Бұйрашев.
Шарбақты ауданындағы Сахновка ауылының медициналық пунктінде құрылыс-жөндеу жұмыстары ағымдағы айда басталды, жұмыс жоспарына сәйкес аяқталу мерзімі – ағымдағы жылдың тамыз айының соңы.
Ануар Бұйрашевтің айтуынша, күрделі жөндеу жүргізілетін медициналық объектілер ерекше бақылауда тұр. Ол осы медициналық ұйымдардың бірінші басшыларына тұрақты тексеріс жүргізуді және мердігер ұйымдармен тығыз байланыста болуды тапсырды.
Фотосуреттер Ануар Бұйрашевтің жеке «Instagram» парақшасынан алынды
Посмотреть эту публикацию в Instagram