Павлодарда орталық жағажайда тас тақтайшалар ауыстырылуда
Қала басшысы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Хасар Хабылбековтың айтуынша, орталық жағалауда каскадтарды, қоршауларды, баспалдақтарды жөндеу, автоматты суару жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді.
– Жоба екіжылдық, қазір жердегі тас тақтайшалар гранитті материалға ауыстырылуда. Жағалаудың үстіңді қабатында жұмыстар 70%-ға орындалды. ал екінші қабатында толығымен аяқталды, – деп жазды шаһар басшысы өзінің «Instagram» парақшасында.
Сондай-ақ, Инвесторлар үйінің жанындағы апаттық жағдайда тұрған шолу алаңын жөндеуге кірісті. Қала әкімі бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін аяқтауды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram