Успен ауданында шекараны заңсыз кеспек болғандар үшін үкім шықты

Успен ауданында шекараны заңсыз кеспек болғандар үшін үкім шықты
Фото: Константин Шелков

Олар шамамен жеті айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Успен аудандық соты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетел азаматтарына қатысты қылмыстық істі қарады. Оқиға 2025 жылғы 27 желтоқсанда Галицкое ауылы маңында тіркелген.

Армения мен Тәжікстан азаматтары алдын ала сөз байласу арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткізу пунктінен тыс жерден өтпек болған. Сотта олар кінәсін мойындап, Ресей Федерациясынан бұрын депортацияланғанын, алайда отбасымен қайта қосылуды мақсат еткенін мойындады. 

- Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларға жеті ай бас бостандығынан айыру жазасын және Қазақстан Республикасының аумағына бес жылға дейін кіруге тыйым салу жазасын тағайындады, - дейді Успен аудандық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді.