Успен ауданында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер табиғат қорғау заңнамасының 70-ке жуық бұзушылықтың жолын кесті. Нәтижесінде 300 киллограмнан астам заңсыз ауланған балық ресурстары, балық ресурстарын заңсыз өндірудің 3 фактісі және орманды ұсақ жымқыру фактісі тәркіленді.
– Мысалы, Успен ауданының тұрғындары Қозыкетен ауылының маңындағы көлде 286 киллограмнан астам балық аулады. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тәркіленген балық сараптамаға жіберілді, – деді Павлодар облысы полиция депртаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Айта кетейік, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы ел аумағында 20 қазаннан 19 қарашаға дейін өткізіледі.