Павлодарда құны 100 миллион теңгеден асатын вейптер тәркіленді
Электронды темекілерді сатып жүрген бес азамат ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің жедел қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын қауіпті электрондық темекі, темекі қоспалары мен сұйықтықтарды таратудың заңсыз арнасын анықтады.
– Қойма ретінде жабдықталған жертөледе жедел қызметкерлер жүз мың электронды темекі шегетін құрылғыларды, бір миллион теңгеден астам қолма-қол ақша қаражатын, бухгалтерлік құжаттаманы, жазбаларды және дәлелді маңызы бар басқа заттарды тапты,– деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Заңсыз қызметі үшін бес азамат ұсталды. Олар топта әрекет ете отырып, интернет-ресурстар арқылы Павлодар аумағында электрондық темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді өткізуді ұйымдастырды.
Темекіге жатпайтын темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.