Виктор Поликарповтың мол мұрасы павлодарлықтарға қайта жол тартты

Виктор Поликарповтың мол мұрасы павлодарлықтарға қайта жол тартты
Фото: Константин Шелков

Тұрғындар көрмені тамыз айының соңына дейін тамашалай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық Н.Нұрмұхаммедов атындағы көркемсурет музейінің кіші залында өткен вернисажда шебердің графикалық жұмыстары және отбасы ұсынған бірнеше қарындашпен салынған туындылары топтастырылды.

Музейдің экспозициялық-көрме залы бөлімінің жетекшісі Гүлнара Әубакірова Виктор Поликарповтың тек суретші ғана емес, музыкант болғанын атап өтті. Ол музыка училищесін бітіріп, сол жерде болашақ жары Вера Ивановнамен танысқан. Ерлі-зайыптылар екі қыз тәрбиелеп өсірген.

Көрменің негізін графикалық жұмыстар мен офорттар құрайды. Офорт – арнайы қалып арқылы жасалып, кейін қағаз бетіне түсірілетін баспа графикасының ерекше техникасы. Виктор Поликарпов шығармашылығының басты ерекшелігі – туындыларындағы нәзік әрі мұқият орындалған детальдарында. Суретші әрбір ұсақ бөлшекке дейін назар аударып, ең елеусіз элементтердің өзін шеберлікпен бейнелеген. Оның жұмыстарынан сан алуан шағын бейнелерді, пейзаждың майда бөлшектерін, әр тал шөп пен әрбір масақты анық көруге болады. Мұндай ұқыптылық пен дәлдік суретшіден үлкен шыдамдылықты, қажырлы еңбекті және жоғары кәсіби шеберлікті талап етті, – деді ол.

Суретшінің көптеген туындылары жазушы Павел Васильевтің шығармашылығынан шабыт алған. Поликарпов оның шығармаларына иллюстрациялар жасап, сондай-ақ Шоқан Уәлиханов бейнесіне және басқа да тарихи тақырыптарға жүгінген.

Суретші тек тарихи композициялармен ғана шектелмеді. Пленэрлер кезінде ол туған Ертіс өңірінің табиғатын дәріптеп, жарқын түсті пейзаждар салды. Жақындарының айтуынша, қыздары шетелге көшуді ұсынғанына қарамастан, Виктор Поликарпов әрдайым Павлодарға адал болып қалды. Ол: «Менің тамырымда Ертіс ағады», – деген екен, – деді музей өкілдері.

Экскурсияға әр жылдары салынған 40 шығарма қойылды. Көрме келушілерге суретшінің шығармашылық мұрасымен танысып қана қоймай, оның туған өлкенің тарихын, әдебиетін және табиғатын қаншалықты ұқыптылықпен әрі сүйіспеншілікпен бейнелегенін көруге мүмкіндік береді.