Волейболдан ел чемпионатының көшбасшыларының кездесуі павлодарлықтарды жерге қаратты

Волейболдан ел чемпионатының көшбасшыларының кездесуі павлодарлықтарды жерге қаратты

Сәтсіздік «Pavlodar» командасын бірден турнир кестесі бойынша төмен сырғытты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Таразға» қарсы кездесу басталысымен павлодарлықтар қиындықтарға душар болды. Турнир кестесін бастап келе жатқан жамбылдықтар есептегі басымдыққа ие болып, қарсыластарының алаңына допты жаудырды. Бірінші және екінші партия 25-18, 25-17 есебімен аяқталды.

Үшінші кезеңде павлодарлық жанкүйерлердің үміті ақтала бастағандай көрінді. «Pavlodar» есепте алға шығып, «оянғандай» кейіп танытты. Алайда оңтүстіктіктер ес жиып, ойын тізгінін қайта қолға алды. Нәтижесінде бұл сет те «Тараз» пайдасына шешіліп, матч 3:0 есебімен аяқталды.

16 қарашада турнирде демалыс күні. Ерлер командалары арасындағы волейболдан Ұлттық лига матчтары 17 қарашада жалғасады. «Pavlodar» «Ақтөбемен» ойнайды. Матч 17:30-да «Баянтау» СК басталады.

Ұлттық лига ойындары Павлодарда 18 қарашаға дейін жалғасады. Ойындарды волейболдан Қазақстан федерациясының YouTube-арнасынан да көруге болады.

Фото: автор