WorldSkills Kazakhstan-2023: Павлодарлық веб-әзірлеуші жарты миллион теңге алды

WorldSkills Kazakhstan-2023: Павлодарлық веб-әзірлеуші жарты миллион теңге алды

Ақпараттық технологиялар колледжі мерейтойлық жылды «Satbayev IT-CAMP» фестивалімен қорытындылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

WorldSkills Kazakhstan-2023 чемпионатында «веб-әзірлеу» құзыреттілігі бойынша алтын медаль жеңіп алған колледж студенті Даниил Барт 500 мың теңге алды. Ол енді Францияда өтетін Еуропа чемпионатында еліміздің намысын қорғайды. Дәл осындай сома оның тәлімгері, колледж оқытушысы Талғат Жалпақовқа берілді. Satbayev IT-CAMP фестивалінің жабылу салтанатында оларға сертификаттар табыс етілді.

Сонымен қатар, WorldSkills Kazakhstan-2023 медальондарының иегерлері Кирилл Киулин мен Данила Чалый, сондай-ақ соңғы екі жылда чемпионатқа қатысушыларды дайындауға атсалысқан ұстаздар  – Станислав Крыжановский, Борис Григорьев, Светлана Олейник, Светлана Тетерина және Бауыржан Мирбеков 50-ден 150 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтарды алды. Іс-шарада қосымша қажеттіліктері бар студенттер арасындағы «Ерекше таланттар» байқауының жеңімпаздары, жүлдегерлері және қатысушыларына ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жабылу салтанатында көптеген жылы лебіздер айтылды. Оқу мен еңбекте лайықты нәтиже көрсетіп, Ертіс өңіріндегі білім ошағы мен ТжКБ саласының дамуына зор үлес қосқан жандардың есімдері аталды.

– Тимурдың отбасы оның қайда бару керектігін мұқият зерттеп, шетелге баруға мүмкіндік болды. Бірақ ақпараттық технологиялар колледжін аралап шыққаннан кейін техникалық жабдықталуына, студенттерге жасалған жағдайға, колледждің атмосферасына тәнті болды. Сондай-ақ барша ата-аналар атынан жас ұрпақты оқытуға, дамытуға, тәрбиелеуге бар күш-жігерін салып жатқан әкімшілік пен ұстаздарға алғыс, – деді ата-аналар комитетінің өкілі, бірінші курс студенті Тимур Саттугановтың анасы Виктория Кусяка.

Колледж қызметкерлері мен ардагерлеріне Павлодар облысы мәслихатының және облыс басшылығының Алғыс хаттарын мәслихат төрағасы Илья Теренченко табыс етті. Облыстық білім беру басқармасы ТжКБ бөлімінің басшысы Қарлығаш Асаимова құттықтап, департаменттің Алғыс хаттарын,   колледждің оқу кабинеттерін жабдықтауға арналған жеті сенсорлық панель табыс етті. Бірқатар қызметкерлерді Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы Динара Айтжанова атап өтті.