Жұма күні Павлодар облысында аяз сақталады
15 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің болжамынша, республиканың басым бөлігіне, суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді. Осыған байланысты күн көбінесе жауын-шашынсыз, бірақ аязды болады.
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстікте тұман түседі деп болжанып отыр.
Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрді құрайды.
Түнде температура -23...-28, күндіз -15°-20 ° C көрсетеді.
Павлодарда жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады.
Түнгі уақытта ауа температурасы -25...-27, күндіз -16...-18°C көрсетеді.