Жас павлодарлықтар төтенше жағдайда не істеу керектігін үйренді

Жас павлодарлықтар төтенше жағдайда не істеу керектігін үйренді
Фото: Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы

Эстафетаға 4 пен 10 жас аралығындағы балалар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, эстафеталық жарысты мектеп оқушыларына ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының Павлодар облысы бойынша филиалы «Жалын» балалар клубымен бірлесіп ұйымдастырды.

Балалар Апаттар медицинасы орталығының жұмысымен танысып қана қоймай, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету бойынша ұсыныстар алып, мамандардан алғашқы көмек көрсету әдістерін үйренді. 

Эстафета соңында балаларға іс-шараларға қатысқаны үшін мадақтамалар берілді.