Жаңбыр, жел: Павлодар облысында бірқатар тас жол жабылды

Жаңбыр, жел: Павлодар облысында бірқатар тас жол жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көліктің барлық түрлері үшін шектеу қойылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсанда сағат 00-30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, жаңбыр мен қар) Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық маңызы бар автожолдары учаскесінде (205-259 км) Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Павлодар облысында температура нөлден төмен, жаңбыр мен қатты жел, көктайғақ.  Осыған байланысты Қызылорда – Павлодар – Успен – РФ  шекарасында 1370-1135 км (Ленин кентінен Қарағанды облысы шекарасына дейін) автомобиль жолының учаскесінде сағат 09-20-дан бастап қозғалысқа шектеу енгізіледі.

Сондай-ақ Беловка - Қалқаман учаскесі жабылды.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған болатын.