Железин ауданында соңғы төрт жылда алғашқы егіз дүниеге келді
Ана мен сәбилер өздерін жақсы сезінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аудандық аурухана қызметкері ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында екі қызды дүниеге әкелді.
– Бірінші болып Елизавета дүниеге келді, салмағы – 2200 грамм, бойы – 50 сантиметр, – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Роман Пак. – Екіншісі – Виктория сәл кішірек туды. Оның салмағы – 1950 грамм, бойы – 47 сантиметр. Бұл – біздің аудандағы соңғы төрт жылдағы экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы туған алғашқы егіздер.
Ерлі-зайыптылар сегіз жыл бойы бала сүюді армандаған. Осылайша экстракорпоральды ұрықтандырудың үшінші әрекеті сәтті аяқталған.
Железин ауданында екі отбасы ЭКО арқылы бала сүйген. Бүгінде процедураға тағы үш жұп дайындалуда.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЭКҰ бағдарламасы шеңберінде 11 жыл ішінде Павлодар облысына 335 квота бөлген.