Железин ауданында жерлерді уақытша жалға беру бойынша конкурс ұйымдастырылады

Железин ауданында жерлерді уақытша жалға беру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы өңірдің жер қатынастары бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Конкурс 23 маусым күні сағат 10:00-де өтеді. Жалпы ауданы 5616,3042 гектарды құрайтын жер телімдері шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін беріледі. Оның ішінде 25 гектар – түбегейлі жақсартылған жайылым, 2134,6 гектар – егістік, 3420,3497 гектар – жайылым, 36,3545 гектар – өзге алқаптар.

Жер телімдерінің толық тізімі жергілікті баспасөзде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

Қосымша ақпаратты +7(71831)21-2-56 телефоны арқылы алуға болады.