2 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Күндіз сынап бағанасы +22 °C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде ауа температурасы +12…+14 °C болады. Күндіз +20...+22°C. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді.
Павлодар қаласында түнде +12...+14°C болса, күндіз +20...+22°C болады. Ауа райы құбылмалы, бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі.