Железин ауданындағы «Аналар кеңесіне» - бес жыл

Железин ауданындағы «Аналар кеңесіне» - бес жыл
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шара облыстық «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің 35 жылдығына орай өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шараны аудан әкімі Айтуған Шайхимов ашты. Ол қатысушыларды мерейтойымен құттықтап, бірлестіктің ең белсенді мүшелерін марапаттады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облысы «Аналар кеңесінің» және «Нұр-Ана әлемі» ҚБ төрайымы Бақытжамал Максилова да қатысушылардың сүбелі еңбегін атап өтіп, Ақтоғай, Железин және Тереңкөл аудандарының қатысушыларына мерейтойлық медальдар табыс етті. Шара барысында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етілді.

Сонымен қатар, мектептегі «Аналар кеңестерінің» құрамдары жаңартылды. Ұрпақ сабақтастығын бейнелейтін символ ретінде жас қатысушыларға ақ орамал табысталды.

Мерекелік бағдарлама аясында «Әже мен немере» байқауы ұйымдастырылды. Ол әр түрлі аудандардан келген отбасыларды біріктіріп, жанұялық құндылықты дәріптеуімен ерекшеленді. Қатысушылар үш номинация бойынша жарысты. Мұнда «Презентация», «Шексіз шеберлік» және «Шығармашылық». Сайыста ұлттық дәстүрлерді білу, қолөнер және аспаздық дағдыларын көрсету, сондай-ақ өнерпаздық қабілетімен көрерменді тәнті ету міндеттелді.

Байқауда Ақтоғай ауданының атынан келген Нуреш Бейсембаева мен немересі Қанат жеңіске жетсе, екінші орынды Тереңкөл ауданының қатысушылары Күнсұлу Арынова мен немересі Адина, және железиндік Бақыт Ахметова мен немересі Айнұр бөлісті. Үшінші орынға  Майтуна Ансабаева мен немересі Ерсұлтан, Юмабика Бошембаева мен немересі Диляра ие болды.