Биыл Екібастұзға қанша қоныс аударушы көшіп келді?

Кеншілер шаһары – Қазақстан тұрғындарын елдің оңтүстік аудандарынан қоныс аударуға қолайлы аймақтардың бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Еңбек ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру Премьер-Министр орынбасарының – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген қағидалар шеңберінде іске асырылады.
– Өңіраралық қоныс аудару жұмыспен қамтуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесудің міндетті шартымен жұмыс күші мол аймақтардан еңбек тапшылығы бар өңірлерге жүзеге асырылады, – дейді Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зейнеп Жақсыбаева.
Павлодар облысында қоныс аудару бағдарламасы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Сол жылы Екібастұзға 19 отбасы немесе 163 адам келді, оның ішінде үш қоныс аударушы отбасы және он алты қандас отбасы болды. 2018 жылы бағдарламаға 38 отбасы (162 адам) қатысты. Оның ішінде 15 қоныс аударушы отбасы және 23 қандас отбасы.
2024 жылы 144 отбасы немесе 630 адам, 86 қоныс аударушылар отбасы және 58 Кандас отбасы келді.
2025 жылы 84 отбасын, оның ішінде 49 қоныс аударушы отбасын, 35 қандас отбасын қоныстандыру жоспарлануда.
Бірінші жартыжылдықта Екібастұз өңіріне 17 қоныс аударушы отбасы келді, оның ішінде екі отбасы ауылдық жерге, 55 қандас отбасы, оның 15-і ауылға. Қандастар бойынша квота 100 пайызға орындалды.
Шілде айында 35 отбасына көшуге субсидиялар және тұрғын үй жалдау шығындарын өтеу бойынша материалдық көмек төленді. Тамыз айында төрт отбасына экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша төлем жоспарлануда. Өңірлік квотаға енгізу жөніндегі өңірлік комиссияның қарауында тағы 17 қоныс аударушы отбасының істері тұр.
– Қоныс аударушылар біздің өңірде жақсы бейімделеді, – деп атап өтті Зейнеп Жақсыбаева. – Менің есімде болған барлық отбасының ішінде тек бір отбасы жоспарларын өзгертіп, басқа аймаққа көшкен. Бірақ менің білуімше, ең басынан бұл сол отбасының отағасының жоспары болды. Біз өз тарапымыздан барлық міндеттемелерді орындадық. Екібастұздықтар қоныс аударушыларды мейірімділікпен қабылдайды. Ауылда олар шаруа қожалықтарында, егістіктерде, наубайханаларда жұмыс істейді. Қазір Солнечный кентінде, Атығай ауылында, Сарықамыс ауылдық округінде тұратын қоныс аударушылар өздерін жайлы сезінеді. Балалар ыңғайлы тілдік сүйемелдеуі бар оқу орындарын таңдай алады.
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау жөніндегі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қарауына өтініштер жібереді және оларды қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не өңірлік квотаға енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ерікті қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге субсидиялар түрінде материалдық көмек көрсетуді (2025 жылы – 27 5240 теңге), жалдау шартын ұсынған кезде тұрғын үй жалдау, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді, жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқыту, жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді қамтиды.