Павлодарда шыбын-шіркейге қарсы «ыстық» тұманмен өңдеу жүргізіледі

Павлодарда шыбын-шіркейге қарсы «ыстық» тұманмен өңдеу жүргізіледі

Аталмыш өңдеу бүгін басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, дезинсекция жұмыстары 22 мамыр күні сағат 21:00-де басталады.

- Жұмыстар жылу генераторларымен Жаңа-Ауыл, Лесозавод, Хромзавод шағын аудандарында, қалалық Естай МҮ жанында, Ардагерлер алаңында, Ленин саябағында, Орталық алаңда, Жеңіс алаңында және Оңтүстік су қабылдау ауданында жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Мамандар қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтап, өңдеу орындарына уақытша бармауларын сұрайды.