Железиндік неонатолог-дәрігер ата-аналарға көмектесу үшін блогер атанды
Маман в Instagram парақшасын пандемия кезінде ашқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Висола Пулатова алғашқы жарияланымын балаға қандай жағдайда педиатр немесе жедел-жәрдем шақырту тақырыбына арнады.
Медицина маманы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша тәмамдады. Жоғары оқу орнынан соң Қазақстан-Ресей медициналық университетінің интернатурасында, кейін педиатрия және балалар хирургиясы Ұлттық орталығында педиатрия және неонатология бойынша резидентурасында тәжірибе жинақтады.
– Еңбек жолымды Шымкенттегі перзентханада дәрігер-педиатр және неонатолог мамандығынан бастадым. Жыл сайын шамаман бес мың әйелда қабылдап, нәрестелердің дүние есігін ашуының куәгері болдым. Бұл үлкен тәжірибеге айналды, – дейді Висола Пулатова.

Дәрігер Железин ауданына жолдасы және екі баласымен бірге өткен жылы «Дипломмен – ауылға!» Бағдарламасы бойынша көшім келді. Қазіргі уақытта жолдасы екеуі аудандық аураханада еңбек етуде.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында ақ желеңділер отбасына қызметтік тұрғын үй, көтермеақы ұсынылды.
– Бұл жаңа өңірге бейімделуге және жұмысына толықтай көңіл бөлуге мүмкіндік берді, – дейді ол. – Менің жұмысым – нәрестеге өмірінің алғашқы, ең шешуші минуттарында алғашқы көмек көрсету. Мұнда қателікке жол жоқ, күмәнға уақыт жоқ. Сол сәтте неонатологияда «қарапайым» кезекшілік болмайтынын түсінесің.
Висола өзінің дәрігерлік тәжірибесінен бір жағдайды бөлісті. Таңертеңгі уақытта 28 апта жүктілік мерзімінде мерзімінен бұрын босанған әйел түсті. Шақалақтың салмағы небары 900 грамм болды. Туған кезде өкпесі ашылмаған, өздігінен тыныс алу болмады.
– Жағдай өте ауыр, әр минут маңызды болды. Біз дереу алғашқы реанимациялық көмекті бастадық. Команда болып, нақты әрі үйлесімді жұмыс істедік: тыныс жолдарын қамтамасыз ету, тыныс алуды қолдау, өмірлік маңызды функцияларды тұрақтандыру бойынша. Мұндай сәттердегі басты міндет – тек құтқару емес, баланың мамандандырылған көмекке дейін жетуіне мүмкіндік беру. Бүгінде сәби үш жаста, тірі әрі сау, жасына сай дамып келеді, – дейді дәрігер.
Маманның айтуынша, ол әлеуметтік желіге келгенде, жаңа туған нәрестелер тақырыбы төңірегінде алып-қашпа әңгімелер көп. Ата-аналар интернеттен ақпарат іздейді де, көбіне қорқынышты немесе қате кеңестерге тап болады.
Висола пулатова блогын кәсібінің жалғасы деп санайды, осылайша, бір балаға емес, мыңдаған отбасына бірден көмектесе алады.
Висола Пулатова сабырлы, шынайы және нақты түсіндіретін дәрігер болуды шешті.
– Менің басты мақсатым – сенімді ата-аналар және сау балалар. Қорқыту мен айыптауға жол жоқ. Дәлелді медицинаға және нақты клиникалық тәжірибеге сүйене отыру аса маңызды, – дейді неонатолог дәрігер.
Висола күн сайын жеке хабарламалар алады. Жазылушылар жаңа туған нәрестелердің ұйқысы мен режимі, тамақтандыру, тұмау, жөтел, температура, екпелер туралы сұрайды. Көп жағдайда хабарламалар «Дәрігер, мен қорқамын…» деген сөздермен басталады. Сол кезде дәрігер кеңес беріп қана қоймай, жас ата-аналарға қолдау көрсетеді.