Желтоқсан оқиғасына қатысқан павлодарлықтардың біржолғы төлемдері алты есе көтеріледі
Бұл өзгеріс келесі жылдан бастап енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысып, оңалтудан өткен тоғыз азамат бар. Оларға 007-Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бюджеттік бағдарлама аясында 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылады.
Биыл Павлодар облысының желтоқсаншылары он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алған болатын.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша 2024 жылдан бастап облыс бойынша біржолғы төлем мөлшері 10 АЕК-тен 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Желтоқсан оқиғасына қатысқандар мамыр айында 207 мың теңге көлемінде біржолғы төлемдерін ала алады.