Жылына бір теңге: Екібастұз зираты қалай күтіп ұсталуда?

Жылына бір теңге: Екібастұз зираты қалай күтіп ұсталуда?
Фото: pixabay.com

Зиратты күтіп-ұстайтын мердігер жерлеу қызметін көрсетуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«АМАNАТ» партиясының депутаттары мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге Екібастұз қаласындағы зират аумағына барып, олардың қалай күтіп-бапталып жатқанын, бейіттердің қандай үлгі бойынша орналасқанын тексерді. Қала тұрғындары бейберекет жерлеуге байланысты бірнеше рет шағымданған болатын.

Ереже бойынша, одан әрі жерлеу мүмкіндіктері анықталып, аумақ нақты сызбаға сәйкес сақталуы керек.

– Зираттың сызбасын сұраған едік, бірақ ондай құжат жоқ. Сондай-ақ, мердігер жыл сайын бір теңгеге қоқыс пен қарды шығаратыны белгілі болды. Соған қоса, мердігер жерлеу қызметтерін көрсеткенін анықталды. Әрине бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен шарттық қатынастармен реттелмейді, – деді депутаттар.

«АМАNАТ» партиясының өкілдері уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныстарын айтты.

– Шөп алу мен жолды тегістеу сияқты қызметтерді қосу қажет. Ең алдымен, зиратты бір теңгеге күтіп-баптап, сонымен бірге ғұрыптық қызмет көрсететін мердігер компанияның әрекетінің заңдылығын түсіну керек, – деді «АМАNАТ» партиясында.

Бұл мәселе алдағы уақытта мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралатын болады.